COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шетелдік студенттерге арналған психологиялық тренинг өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттер үйінде шетелдік білім алушылардың жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында «Бейімделу мектебі: Шетелдік студенттердің психикалық денсаулығы және эмоционалдық тұрақтылығы» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты «Облыстық психологиялық қолдау орталығының» психологы Сахыбаева Айгүл Темиргалиевна арнайы шақырылып, қатысушылармен мазмұнды әрі тәжірибелік сабақ өткізді.

 

 

Тренингтің басты мақсаты – шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік және мәдени ортаға психологиялық бейімделуіне ықпал ету, эмоционалдық тұрақтылығын нығайту, күйзелісті басқару дағдыларын қалыптастыру және жеке психологиялық ресурстарын дамыту.

Екі сағатқа созылған интерактивті кездесу барысында студенттер түрлі практикалық жаттығуларға қатысып, өздерінің эмоционалдық жай-күйін саралап, ішкі мүмкіндіктерін тануға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, «Менің эмоционалдық чемоданым», «Менің психологиялық ресурсым», «Менің мәдениетім», «Миф немесе шындық» және «Менің психологиялық алғашқы көмек қобдишам» жаттығулары өткізілді.

 

 

Жаттығулар аясында қатысушылар өздерінің мәдени ерекшеліктерімен бөлісіп, Қазақстандағы өмірі мен оқу ортасына қатысты әсерлерін ортаға салды. Сонымен қатар мәдени айырмашылықтарды қабылдау, мәдени шок кезеңдері, психикалық денсаулықты сақтау және қиын жағдайларда өзіне психологиялық қолдау көрсету жолдары талқыланды.

 

 

Мұндай кездесулер шетелдік студенттердің жаңа ортаға тезірек үйренісуіне, өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынас орнатуына, сондай-ақ эмоционалдық қиындықтарды еңсеруіне оң ықпал етеді.

 

 

Шерхан университетінде білім алушылардың жан-жақты дамуына, психологиялық саулығына және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.