COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

КӘСІПОДАҚ

Алимкулова Шырынкүл Исламбековна

кәсіподақ төрайымы

Байланыс телефоны: +7 778 523 1021

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Кәсіподақ ұйымы

 

Кәсіподақ – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйым. Ұйым қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, тағы басқа да туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының Кәсіподақ ұйымында 200-ден аса мүшесі бар. Ұйымға Алимкулова Шырын Исламбекқызы жетекшілік етеді. Оқу орны қабырғасындағы әрбір іс-шара, жиынға ұйым тарапынан белсенділік танытып, атсалысып келеді.

 

Қазақстандағы кәсіподақтар – жұмысшылардың еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылған ерікті қоғамдық бірлестіктері.

 

Кәсіподақтардың негізгі функциялары 

- Құқықтарды қорғау: Еңбек дауларында жұмысшылардың мүдделерін білдіру және өтемақы алу.

- Әлеуметтік серіктестік: Жұмыс берушілермен ұжымдық келісімшарттарды әзірлеуге және жасасуға қатысу.

- Еңбек қауіпсіздігі: Жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылау және еңбек жағдайларын жақсарту.

- Мүшелерді қолдау: Демалыс іс-шараларын ұйымдастыру, қиын жағдайларда көмек көрсету және заңгерлік кеңес беру.

Қазақстан Республикасындағы кәсіподақтың жарғысы «Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі және ұйымның жұмысын реттейтін негізгі құжат болып табылады.

 

Кәсіподақ Жарғысына қойылатын негізгі талаптар 

«Кәсіподақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, кез келген кәсіподақ ұйымының жарғысында келесі ережелер болуы керек:

- Жалпы ақпарат: басқарушы органның атауы, заңды мекенжайы (орналасқан жері), оның қызметінің мәні мен мақсаты.

- Мүшелік: кәсіподаққа кіру шарттары, шығу тәртібі және мүшелердің құқықтары мен міндеттері.

- Құрылымы: кәсіподақтың ұйымдық құрылымы, оның сайланған органдарының (съезд, конференция, комитет) құрылуы мен өкілеттіктері, сондай-ақ олардың өкілеттік мерзімі.

- Қаржыландыру: мүлік пен қаражат көздері, кәсіподақ мүшелік жарналарын төлеу мөлшері мен тәртібі.

- Түзетулер енгізу тәртібі: жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, сондай-ақ қызметті қайта ұйымдастыру немесе тоқтату (тарату) тәртібі.

 

Кәсіподақ ұйымы – жұмыскерлердің еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ерікті қоғамдық ұйым.

Төменде кәсіподақ жұмысы туралы жинақы да жүйелі баяндама жоспары мен негізгі мазмұны ұсынылған:

Кәсіподақтың мәні: Кәсіподақ – жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы маңызды дәнекер және сенімді қорған.

Мақсаты: Ұжым мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту және заңды мүдделерін қорғау.

               

Кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары:

 

Еңбек қатынастары және құқықтық қорғау

- Жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының сақталуын бақылау.

- Еңбек заңнамасының бұзылмауына қоғамдық бақылау жасау.

- Еңбек дауларын шешу және сот органдарында мүшелердің мүддесін қорғау.

Әлеуметтік әріптестік және келіссөздер

- Жұмыс берушімен бірлесіп ұжымдық шарттар жасасу.

- Тараптардың мүддесін теңестіретін үшжақты келісімдерді (мемлекет – жұмыс беруші – кәсіподақ) дамыту.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

- Өндірістегі қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық жағдайларды қадағалау.

- Жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға ықпал ету.

Әлеуметтік-экономикалық қолдау және мәдени-сауық жұмыстары

- Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің шипажайларда демалуын, сауықтыруын ұйымдастыру.

- Материалдық көмек көрсету, мерекелік және спорттық іс-шаралар өткізу.

- Жастар мен жас мамандарды қолдау, оларды ұйымда бейімдеу жұмыстарын жүргізу.

 

Кәсіподақ қызметінің қағидаттары: 

- Еріктілік: Кәсіподаққа мүшелікке өту де, одан шығу да тек ерікті түрде жүзеге асады.

- Алқалылық пен жариялылық: Барлық шешімдер ашық талқыланып, ұжым пікірі ескеріле отырып қабылданады.

- Ынтымақтастық және өзара көмек: Мүшелердің құқығын қорғаудағы бірлік.

Кәсіподақ тек жұмысшылардың ғана емес, сонымен бірге тұрақты әрі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға мүдделі жұмыс берушінің де көмекшісі болып табылады. Ұйымның тиімді жұмысы еңбек ұжымындағы тұрақтылықты арттырып, адам капиталын дамытуға кепілдік береді.

 

Суреттер

 

 

Кафедра қызметкерлерімен кездесу: Еңбек қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылық басты назарда

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің кәсіподақ Төрайымы Алимкулова Шырынкүл Исламбекқызы кафедра қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді. Жиын барысында ҚР «Кәсiптiк одақтар туралы» Заңының 16-бабы 1-тармағының 10-тармақшасы негізге алынып, кәсіподақтың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрамындағы рөлі кеңінен талқыланды. Төрайым жұмыс орындарындағы еңбек жағдайын тексеру, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бағытында жұмыс берушімен бірлесе атқарылатын іс-қимылдарға ерекше тоқталды.Шырынкүл Исламбекқызы кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне еңбекті қорғау талаптары бойынша өте ауқымды ақпарат жеткізіп, құнды кеңестер берді.

Сонымен қатар, кездесуде кәсіподақ мүшелеріне жасалатын әлеуметтік жағдайлар сөз болды. Ұжымдық шарт аясында қызметкерлерге қиын жағдайларда материалдық көмек көрсету, денсаулықты нығайту үшін шипажайлар мен санаторийлерге жеңілдікпен жолдамалар бөлу, сондай-ақ балаларды жазғы демалыс лагерлерімен қамтамасыз ету және мерекелік қолдау шаралары жан-жақты түсіндірілді. Мұндай кездесулер ұжымның құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек ортасын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

 

10-қазан кәсіподақ күні қарсаныңда университетіміздің дамуына үлкен үлесін қосып жатқан қызметкерлер марапатталды. Кәсіподақтар күні мерекесінде кәсіподақ ұжымының мамандарын құттықтай отырып, мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер, абырой-беделдеріңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Қызметте абырой тілейміз!

 

7-мамыр отан қорғаушылар мейрамына орай, университет қабырғасындағы әрбір қызметкер өзіндік өнерін көрсетіп, ұжымға керемет көңіл күй сыйлады. 

 

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кәсіподақ ұйымы атынан кішкентай балалары бар ұстаздарымыз бен олардың бүлдіршіндеріне арнап ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Балалар театр қойылымын тамашалап, ертегі кейіпкерлерімен бірге көңілді уақыт өткізіп, мерекелік сыйлықтарға ие болды. Ұстаздарымыздың отбасына қуаныш сыйлап, балалардың жүздеріне күлкі ұялату – біз үшін үлкен мәртебе! 

 

 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, университетіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, өз үлесін аянбай қосып жүрген аяулы ұстаздарымызды мерекемен құттықтап, марапаттары мен сыйлықтарын табыстадық. Ұстаздарымызға еңбектеріне алғысымызды білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіледік. Мерекелік шара жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге ұласып, аяулы жандарға ерекше қуаныш сыйлады

 

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, университет қабырғасында білім алып жатқан студенттерімізге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында елін, жерін қорғауға әрдайым дайын, жігерлі де білімді жастарымызға құрмет көрсетіліп, түрлі қызықты сайыстар мен мерекелік бағдарламалар өткізілді. Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты қалыптастырып, азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күймен өтті.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы жаңа жыл қарсаңында оқу орнымыздың барлық қызметкерлеріне мерекелік сый жасады. Университет ұжымының әрбір мүшесіне тәттілер тарту етіліп, ерекше көңіл-күй сыйланды. Жаңа жыл баршаңызға табыс, ырыс пен молшылық әкелсін! Ұжымымыздың ауызбіршілігі артып, әр күніміз қуанышқа толы болсын!

 

 

1 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Қарттар күніне арнап іс-шара өткізді. Бұл мерекелік шарада институттың дамуы мен студенттердің білім алуы жолында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Оларға ақ дастархан жайылып, шынайы алғыс пен ізгі тілектер білдірілді. 

 

Шараның ашылуында институт басшылығы ардагерлердің институт тарихындағы маңызды рөлін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп келе жатқан ардагерлер болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде өздерінің баға жетпес үлесін қосып келеді. 

 

Мерекелік кеш барысында Мықтыбек Жұмабаев пен Бекет Абдраков институттың 15 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Бұл төсбелгі олардың институттың құрылған кезінен бастап атқарған жемісті еңбегін және оқу орнының дамуына қосқан зор үлесін мойындау ретінде табысталды. 

 

Сонымен қатар, ардагер ұстаздар Амантай Қарынбаев, Серік Тәжібаев, Жанат Сарыбекова, Алмасбек Белботаев, Бейбіт Жакашев, Елизавета Қойбақова, және Айдархан Сихаев«Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың білім саласына қосқан үлестері мен адал еңбектері жоғары бағаланып, одақ тарапынан ризашылық білдірілді. 

 

Сонымен бірге, институт президенті Нұржан Муслимов өз атынан Тұрсынәлі Тулеев, Балжан Тлепова, Мұқатай Немеребаев, Меңдібай Абиловжәне Ғали Исақовқа алғыс хат табыстады. Бұл марапаттар олардың оқу үдерісін жақсарту және институттың ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы еңбектері үшін берілді. 

 

Бұл іс-шара ардагерлерге деген шексіз құрмет пен алғысты білдіріп қана қоймай, олардың білім ордасының қалыптасуындағы рөлі мен білім саласына қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы қазіргі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына болып қала беретіні сөзсіз.

 

 

Құрметті Қайрат Балабиұлы! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға береке, қызметте абырой тілейміз! Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік, көрер қызығыңыз мол болғай! Ізгі ниетпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Құндыз Мейірханқызы! Сізді туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгідей мерейлі сәтте сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасынызға баянды бақыт тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз арта берсін. Ұжым сізді ақылы асқан басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, үлгі тұтады. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз! Ізгі ниетпен ХТИИ ұжымы!

 

 

Еңбек демалысы кезінді ХТИИ ұжымымен Ыстық көлге барып демалу жыл сайынғы дәстүріміз!
ХТИИ әкімшілігіне алғысымыз шексіз!

 

Құрметті Марат Асылбекұлы және Мұрат Көшенұлы Сіздерді туылған күндеріңізбен  құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, қызметте абырой тілейміз! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Ақмарал Еділбайқызы сізді туылған күніңізбен құттықтаймыз! Өміріңіз көктемдей жарқын, жаздай жайдарлы болсын! Абыройыңыз асқақтап, мәртебеңіз биіктей берсін!  Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Жазира Айтжанқызы! Сізді туылған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасынызға береке тілейміз! Күн нұрындай жарқырып, жаздай жайнап, жүзіңізден күлкі кетпесін!  Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Гүльнара Мұратбекқызы! Сізді туылған күніңізбен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тілейміз!  Алар асу, шығар биігіңіз көп болсын! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

 

Құрметті Адемі Еркебайқызы және Ботагөз Қалдыбекқызы сіздерді бүгінгі келіп жеткен туылған күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қызыметте әрбір істеріңіз оң болып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Еңбектеріңіз жанып, жемісін көріңіздер! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Юрий Василеевич сізді мерейтой 85 жасыңызбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, қызметте мол табыс тілейміз! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті әріптестер! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге қызметте жетістіктер мен мол табыс тілейміз! Ізгі ниетпен ХТИИ ұжымы! Жаңа жыл мерекесіне орай жыл сайын ХТИИ қызметкерлерін жаппай сыйлықпен қуанту дәстүріміз!

 

Институт қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жыл мерекелік кеші

 

Кәсіподақ ұйымының Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы

 

Институт Кәсіподақ төрайымы мен мүшелерінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өту салтанатынан көріністер

 

Институт Кәсіподақ төрайымы мен мүшелерінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өту салтанатынан көріністер

 

Институтта жыл сайын ардагерлер күнінің мерекесі аталып өтуде

 

 «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к., доценті Баян Рүстембекқызы 70 жас мерейтойын атап өтуде

Ұжымдық шарты

 

Ұжымдық шарты