COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

ТАРИХЫ

2008 жыл
– Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері ретінде заңды тұлға болып тіркелді.
– Оқу орнының статистикалық картасы алынып, салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті.
– ҚР Білім және ғылым министрлігінің 1 шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет өз қызметін бастады.

 

2009 жыл
– 28 бакалавриат және 12 магистратура білім бағдарламасы бойынша қызмет жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 мемлекеттік лицензиясы берілді.
– 2011–2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы қабылданды.
– «Шерхантану» ғылыми-зерттеу институты ашылды.

 

2010 жыл
– INSAM Institute Foundation (Женева) тарапынан «Еуропалық гранттар» номинациясында үздік жоғары оқу орны ретінде танылды.

 

2011 жыл
– Университет ISO 9001:2008 халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растады.
– Алғаш рет шетелдік ғалымдар дәріс бере бастады.

 

2012 жыл
– Жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа берілді.

 

2013 жыл
– Жаңа білім бағдарламалары ашылды.
– Малайзия, Түркия, Румыния, Венгрия және ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен меморандумдарға қол қойылып, ғылыми байланыстар орнатылды.

 

2014 жыл
– 3 гектар тәжірибелік жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды.

 

2015 жыл
– ҚР Білім және ғылым министрлігінің Бақылау комитеті тарапынан мемлекеттік аттестациядан табысты өтті.
– 4 қабатты заманауи оқу ғимараты пайдалануға берілді.

 

2016 жыл
– Университет базасында корей және қытай тілі орталықтары ашылды.

 

2017 жыл
– Тараз инновациялық көпсалалы колледжі ашылды.
– Жалпы ауданы 1500 ш.м. заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

 

2018 жыл
– «Жаратылыстану» факультетіне жалпы ауданы 2012 ш.м. жаңа оқу-зертханалық ғимарат ашылды.

 

2019–2020 оқу жылы
– Ауданы 7130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді.
– OPEN SPACE форматындағы кітапхана мен студенттердің шығармашылық орталығы ашылды.
– «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы» мен бірқатар виртуалды оқу зертханалары іске қосылды.

 

2021 жыл
– «Аквакультура», «Ветеринария және мал шаруашылығы» ғылыми-зерттеу орталықтары ашылды.
– Жаратылыстану, құқық, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялар бағыттарында жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.

 

2022 жыл
– Оқу орнына Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның есімі берілді.
– Жаңа әкімшілік ғимарат пен 100 орындық студенттік жатақхана қолданысқа берілді.
– Шерхан аллеясы ашылды.
– Республикалық деңгейде алғаш болып дарынды жастарға арналған «ХТИИ-дың 100 гранты» тағайындалды.
– ІТ Академиясы ашылды.

 

2023 жыл
– ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына ресми сапары барысында Шерхан университетіне арнайы келіп, оқу орнының қызметімен және студенттермен танысты.

 

2024 жыл
– Бас ғимарат толық қайта жөндеуден өтті.
– 05.12.2024 ж. KZ07LAA00036838 лицензиясы негізінде оқу орнының атауы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті болып өзгертілді.