COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Микробіліктілік бағдарламалары

 
Микробіліктілік
Қысқа мерзімді оқыту кезеңінде алынған кәсіптік стандарт бойынша бір жеке еңбек функциясын орындау үшін жеткілікті білім, дағдылар мен құзыреттер көлемі.
 
Микробіліктілік бағдарламасы
Оқу мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, іске асыру тәсілдері мен нысандарын, бағалау өлшемдерін қамтитын қысқа мерзімді оқытудың негізгі сипаттамаларының кешені.
 
Оқыту нәтижелері
Бағдарламаны игеру аяқталғаннан кейін білім алушыларға көрсетілетін бір еңбек функциясына қатысты алған білімдерінің, дағдылары мен құзыреттерінің бағалаумен расталған көлемі.
 
Микробіліктіліктердің өзектілігі

Микробіліктіліктердің өзектілігі еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістермен, экономиканың цифрлануымен және кәсіби құзыреттерді жедел жаңарту қажеттілігімен айқындалады. Олар үздіксіз білім берудің тиімді құралы ретінде қысқа мерзімде сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге, біліктілікті арттыруға және ұзақ мерзімді оқытусыз жаңа талаптарға бейімделуге мүмкіндік береді. Мұндай бағдарламалардың икемділігі мен практикалық бағыттылығы олардың жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына сәйкестігін қамтамасыз етіп, мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.