COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Хабарландыру

 

IQAA (Independent Agency for Quality Assurance in Education) білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің сарапшылар тобы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде  2026жылдың 12-14 қазан аралығында институционалдық аккредиттеуге байланысты сыртқы аудит жұмыстарын жүргізеді. Институционалдық  аккредиттеу сапары аясында университетімізге отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерінен құралған сараптамалық комиссия мүшелері келеді.

 

Үш күн ішінде сарапшылар университеттің қызметімен және инфрақұрылымымен жан-жақты танысады. Атап айтқанда оқу ғимараттарын, спорттық кешендерді, ғылыми-зерттеу орталықтарын, Студенттер үйін аралап, бағалайды. Университеттің материалдық-техникалық базасын зерделеп, сарапшылар университеттің білім беру сапасын, ғылыми қызметі мен тәрбие және әлеуметтік жұмыстарын бағалайды.

 

Сондай-ақ сарапшылар университеттің басшылық құрамымен, профессор-оқытушылармен, білім алушылармен, түлектермен, жұмыс берушілермен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесіп, сұхбаттар өткізеді.

 

Институционалдық аккредиттеу - университет қызметінің сапасын тәуелсіз бағалауға, жетістіктерімізді саралауға және одан әрі даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды кезең. Университет қауымдастығы үшін бұл – білім беру, ғылым және сапаны қамтамасыз ету бағыттарындағы нәтижелерін көрсетуге және даму әлеуетімізді танытуға мүмкіндік беретін маңызды қадам.

 

Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде Қазақстандағы серіктес жоғары оқу орындарында білім алуға арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кандидаттарды іріктеу конкурсын жариялайды.

 

Кімдер қатыса алады? 

Университеттің 1–3-курс студенттері.

 

Негізгі талаптар: 

- үлгерім көрсеткіші — GPA 3.0-ден жоғары;

- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу;

- сертификаттар мен марапаттардың болуы артықшылық береді.

 

Қажетті құжаттар: 

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі транскрипт; 

Түйіндеме (CV); 

Кафедра меңгерушісінің ұсыныс хаты; 

Жеке куәліктің көшірмесі; 

3 × 4 көлеміндегі фотосурет; 

Жеке оқу жоспары.

 

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қараша.

 

Құжаттарды тапсыру орны:

Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар басқармасы

Желтоқсан көшесі, 69Б, 1.2.202-кабинет.

 

Қазақстанның серіктес жоғары оқу орындарының бірінде білім алып, жаңа академиялық ортада тәжірибе жинақтау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

 

1 бет. Барлығы: 70