Қытай тілінің Speaking клубына шақырамыз!

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттерге, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне арналған қытай тілінің speaking клубы өз жұмысын бастайды!
Клубтың негізгі қағидаты – «Аптасына бір тақырып – қытай тілінде еркін қарым-қатынас».
Қатысушыларды қызықты сабақтар, қытай мәдениетімен танысу, интерактивті ойындар, жағдаяттық диалогтер және ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған тәжірибелік жаттығулар күтеді.
Қытай тілін алдын ала білу талап етілмейді! Сабақтар тілді жаңадан үйренушілерге де арналған. Сіз қарапайым амандасу сөздерін меңгеріп, күнделікті өмірде қолданылатын сөз тіркестерін үйреніп, қытай тілінде сөйлеу дағдыларыңызды біртіндеп дамыта аласыз.
Сабақтар туралы ақпарат
- Өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 27 қазан – 29 желтоқсан (10 апта).
- Сабақ кестесі: әр сейсенбі, сағат 15:00–15:50.
- Сабақ ұзақтығы: 50 минут.
- Қатысушылар: университет студенттері, оқытушылары және қызметкерлері.
- Өтетін орны: № 308 аудитория, Қаратай Тұрысов көшесі, 3Д/1 мекенжайындағы оқу ғимараты.
Қытай тілінің speaking клубына қосылып, достық атмосферада қытай тілі мен мәдениетінің қызықты әлемін ашыңыз!

23 Қазан 2026
250