Тараз Инновациялық-Гуманитарлық Университетінің студенттік командасын "студенттік жобаларға арналған Бизнес-инкубатор"стартаптарға алты апталық оқытудан сәтті өтуімен құттықтаймыз.
Тараз Инновациялық-Гуманитарлық Университетінің студенттік командасын "студенттік жобаларға арналған Бизнес-инкубатор"стартаптарға алты апталық оқытудан сәтті өтуімен құттықтаймыз. Аталған іс-шара "Терриконовая долина", AstanaHub және Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Жоба көшбасшысы "Есеп және аудит" мамандығының 2 курс студенті Шырақбай Қазыбек болды.Оқу қорытындысы бойынша біздің университеттің командасы жобаны іске асыруды жалғастыру үшін қажетті техниканы сатып алу сертификатымен марапатталды.Студенттерімізге алдағы уақытта да табыс және жоспарлардың жүзеге асуын тілейміз!



02 Feb 2021
3460