COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Sherkhan Kids University» жобасы аясында мектеп оқушылары мамандықтармен тәжірибе арқылы танысты

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мектеп оқушыларына арналған «Sherkhan Kids University» кәсіби бағдар беру жобасы жалғасуда.

 

 

2026 жылғы 11–12 қараша күндері Тараз қаласындағы бірқатар мектептердің оқушылары университетке келіп, «Экономика және бизнес», «Құқық» және «Жаратылыстану» факультеттерінің профессор-оқытушылары ұйымдастырған шеберлік сабақтарына қатысты.

 

 

Практикалық сабақтар барысында оқушылар түрлі мамандықтардың ерекшеліктерімен жақын танысты. Олар гипотеза ұсыну, тәжірибе жасау, құқықтық кейстерді талдау, шағын сабақ өткізу, медиаөнім әзірлеу және бизнес-идеяны қорғау бағыттары бойынша тапсырмалар орындады.

 

 

11 қараша күні жобаға №11, №12, №14, №15, №16, №17, №18, №19 және №20 мектептердің оқушылары қатысты. 12 қарашада университетке №32, №33, №34, №36, №39 және №40 мектептердің оқушылары келді.

 

 

Жобаның негізгі мақсаты – университет пен мектеп арасындағы тұрақты серіктестікті нығайту, оқушылардың ғылыми қызығушылығы мен шығармашылық әлеуетін дамыту, құқықтық және кәсіпкерлік сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар жоба оқушыларға мамандықтарды нақты іс-әрекет арқылы танып, саналы кәсіби бағдар қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

 

«Sherkhan Kids University» жобасы алдағы уақытта да жалғасын табады.