COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Экономика және басқару» кафедрасы жақсы жаңалықтармен бөлісіп отыр

 

"Экономика және басқару" кафедрасының оқытушылары PhD докторы, доцент М. Нұрғабылов және э. ғ. к., доцент А. Сәрсенова "Economic Annals-XXI" журналында ғылыми мақалалары жариялады. Бұл журналдағы зерттеулер экономика, қаржы, мемлекеттік саясат және әлеуметтік ғылымдар салаларына арналған (баспагер-Institute of Society Transformation. Scopus және Web of Science Core Collection (ESCI) индекстелген).

 

Мақаланың атауы "Structural transformation of the National economy of Kazakhstan under digitalisation and technological convergence" (Цифрландыру және технологиялық конвергенция жағдайында Қазақстанның Ұлттық экономикасының құрылымдық трансформациясы). Бұл мақаланың бірлескен авторлар: Әзбергенова Р., Сапарбаева А., Джакишева У., Жүзбаева А.

 

Журналдың 2025 жылғы деректері:

- CiteScore көрсеткіші - 1,5

- Scopus Квартилі - Q3

- Журналдың ипакт-факторы-0,3

- 5 жылдық импакт-фактор-0,3

• SJR — 0,260

• SNIP — 0,71

 

Мақала цифрландыру мен технологиялық конвергенцияның әсерінен Қазақстанның Ұлттық экономикасының құрылымдық трансформациясына арналған. Цифрлық және өзара байланысты технологиялардың экономиканың салалық құрылымына, өнімділігіне, инновациялық белсенділігіне және елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсері қарастырылады. Дәстүрлі салаларды жаңғырту және экономиканың жаңа жоғары технологиялық сегменттерін қалыптастыру бағыттарына ерекше назар аударылады.

 

Зерттеудің құндылығы цифрландыру, технологиялық конвергенция және Қазақстан экономикасындағы құрылымдық өзгерістер арасындағы өзара байланысты ашудан тұрады. Нәтижелер мемлекеттік цифрлық және өнеркәсіптік саясатты, экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын, сондай-ақ инновациялар мен жоғары технологиялық салаларды қолдау шараларын әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

 

Мақаланы оқыңыз: https://doi.org/10.21003/ea.V219-04