COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университет пен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды

 

2026 жылғы 5 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Университет пен жұмыс беруші серіктестігі: дуальды оқыту, кәсіптік практика және білім беру бағдарламасын бірлесіп жетілдіру» тақырыбында практикалық стратегиялық сессия өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – университет пен жұмыс берушілер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, дуальды оқыту жүйесін дамыту, кәсіптік практиканың тиімділігін арттыру және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкестендіру.

 

 

 

Стратегиялық сессияны Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Ақмарал Қадырова ашып, жоғары білім беру жүйесінде теориялық білім мен практикалық тәжірибенің өзара сабақтастығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы тұрақты әрі нәтижелі серіктестіктің рөліне тоқталды. 

Жиынға мектептер мен колледждердің басшылары және олардың орынбасарлары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, дуальды оқыту бағытында тәжірибесі бар мамандар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

 

 

 

Кездесу барысында дуальды оқыту жүйесінің тиімділігін арттыру, студенттердің кәсіптік практикасын сапалы ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жаңарту және олардың академиялық комитет жұмысына белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

 

 

 

Сессия аясында ұйымдастырылған «Үш бекет» форматындағы топтық жұмыс қатысушыларға өзара тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесіп талдауға және оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Білім беру ұйымдарының өкілдері болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, практикалық даярлық деңгейін жетілдіру және оқу үдерісін нақты еңбек тәжірибесімен ұштастыру бағытында ұсыныстарын ортаға салды.

 

 

 

Стратегиялық сессия қорытындысында университет пен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған ортақ міндеттер айқындалып, алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттары белгіленді.