Cтуденттеріміз республикалық олимпиададан жүлдемен оралды!

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Алтын Орда – Жошы Ұлысы тарихы» республикалық олимпиадасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттері жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Атап айтқанда, университет намысын қорғаған Ахметжан Нұрасыл, Тұңғышбай Аққайың және Абдурахман Әбдіраман білім додасында өздерінің тарихи білімдері мен ізденіс қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Студенттердің олимпиадаға қатысуына жетекшілік еткен – Қасымқұлова Перизат.
Жеңімпаз студенттер мен олардың жетекшісін университет Ректоры арнайы қабылдап, жетістіктерімен құттықтады. Кездесу барысында білім алушылардың жетістігіне жоғары баға беріліп, алдағы уақытта да толағай табыстарға жетуіне тілектестік білдірілді.
Бұл нәтиже – студенттердің ізденісі мен білімге деген құштарлығының, сондай-ақ жетекшінің кәсіби қолдауының жемісі.

05 Nov 2026
222