«Көк туымыз мәңгі жасасын!»: Республика күніне орай дөңгелек үстел өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай «Көк туымыз мәңгі жасасын!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің тарихи маңызын түсіндіру және жас ұрпақтың патриоттық рухын нығайту.

Дөңгелек үстелді тарих ғылымдарының докторы Абдуалы Асқар Бегәділұлы жүргізіп, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы жетістіктері мен мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.
Іс-шара барысында PhD докторы Серубаева Аурика Темирхановна, аға оқытушылар Үсенов Нұрсейіт Мейрамбекұлы мен Ізтелеуов Абай сөз сөйлеп, еліміздің тарихы, тәуелсіздіктің құндылығы, мемлекеттік рәміздердің маңызы және жастардың ел болашағындағы рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелге барлығы 50 студент қатысты. Сондай-ақ «Тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері белсенділік танытып, Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі, ұлттық рух және тәуелсіздікті сақтау тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар Республика күнінің ел тарихындағы ерекше орнын атап өтіп, тәуелсіздігіміздің тұғырлы, бірлігіміздің бекем болуына және көк туымыздың әрдайым биікте желбіреуіне тілектестік білдірді.

21 Oct 2026
233