COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойылды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен Тұран университеті жанындағы «Құқықтық ғылыми-зерттеу институты» ғылыми-зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойды.

Құжатқа университет ректоры Махметғали Сарыбеков пен «Құқықтық ғылыми-зерттеу институтының» директоры Талғат Әкімжанов қол қойып, екі тарап арасындағы әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды қадам жасалды.

 

 

Меморандум аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, құқық саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп зерделеу, ғылыми тәжірибе алмасу және ортақ жобаларды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту көзделеді.

Аталған келісім жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, ғылыми әлеуетті арттыруға және құқық ғылымының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

 

 

Бұл бастама Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және білім мен ғылым саласындағы серіктестікті дамыту бағытындағы жұмыстарының маңызды бөлігіне айналмақ.