Қаржылық мониторинг саласындағы мансап: студенттерге жаңа мүмкіндіктер

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға университеттің 3–4 курс студенттері қатысып, болашақ мамандардың кәсіби бағдарын айқындау және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында Агенттік қызметінің негізгі бағыттары, жұмысқа орналасу тәртібі мен болашақ мамандарға қойылатын талаптар түсіндірілді. Студенттерге мемлекеттік қызметте мансап құру мүмкіндіктері туралы мәлімет беріліп, кәсіби дамудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, қаржылық құқық бұзушылықтардың, алаяқтықтың және өзге де қылмыстардың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға қаржылық қауіпсіздікті сақтау, күмәнді операцияларды анықтау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу және құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


12 Oct 2026
60