Ш.Мұртаза атындағы ХТУ студенттері Лодзь университетінде оқиды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің белсенді де білімді студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаның беделді Лодзь университетіне (University of Lodz) бір семестрге оқуға аттанады.

Олар:
Көшер Меруерт - Педагогика факультеті /6В01702 Шетел тілі:екі шет тілі, 3-курс;
Аян Шұғыла - Педагогика факультеті /6В01702 Шетел тілі:екі шет тілі, 3-курс;
Досмуханбетқызы Әдемай - Педагогика факультеті /6В01702 Шетел тілі:екі шет тілі, 3-курс;
Хан-Чжи Елизавета- Экономика және бизнес факультеті/6В04101 Экономика, 2-курс;
Курманғалиева Лейла – Шығармашылық факультеті/6В01405 Көркем сурет және сызу, 3 курс.

Шетелге оқуға баратын білім алушылармен университет ректоры кездесіп, арнайы сәт сапар тіледі. Кездесу барысында ректор студенттерді кезекті жетістіктерімен құттықтап, бұл сапардың олардың кәсіби дамуы мен халықаралық тәжірибе жинақтауындағы маңызын атап өтті. Сонымен бірге, білім ордасының беделін шетелде биік ұстауға, жаңа білім мен тәжірибені меңгеріп, оны елге оралған соң тиімді қолдануға тілектестік білдірді.
Академиялық ұтқырлық - бұл студенттерге әлемдік деңгейде білім алып, мәдени байланыстарды нығайтуға ашылған үлкен мүмкіндік. Студенттерімізге сапарларының сәтті өтуін және оқуда жоғары нәтижелерге жетуін тілейміз!

28 Sep 2026
127