COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Отбасы – бақыт мекені»

 

Отбасы күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

 

 

Іс-шараға университет қабырғасында еңбек етіп жүріп танысып, шаңырақ көтерген үш отбасы арнайы қонақ ретінде қатысты:

– Бауыржан Маратұлы мен Ақмарал Сәрсенбайқызы;

– Нұржан Жәдігерұлы мен Нұрай Нұрхатқызы;

– Жандос Мәлікұлы мен Камила Сәлімқызы.

 

 

Кездесу барысында қонақтар жастармен еркін сұхбат құрып, танысу тарихтары, отбасылық өмірдегі сыйластық пен өзара түсіністіктің маңызы туралы ой бөлісті. Студенттер көкейіндегі сауалдарын қойып, тағылымды әңгімеден құнды кеңес алды.

Іс-шара соңында қонақтарға құрмет көрсетіліп, мейрамханада отбасылық кешкі асқа арналған сертификаттар табысталды.

Шаңырақтарыңыз шаттыққа, отбасыларыңыз береке мен бақытқа толы болсын!