COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

AI-Sana: білімгерлеріміздің жаңа жетістіктері!

 

Жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған AI-Sana ұлттық білім беру бағдарламасының II кезеңі аяқталды. Біз білімгерлеріміздің жетістіктерімен мақтанышпен бөлісеміз!

 

Бағдарламаның II кезеңінің қорытындылары:
1 600 қатысушы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, екінші кезеңіне жолдама алды. Оқу  нәтижесінде:

 

959 білімгер оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі мен Стэнфорд университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі Пол Кимнің қолы қойылған атаулы сертификаттарға ие болды.

 

Бағдарламаның I кезеңінің қорытындысы бойынша университетіміз жоспарланған контингенттің 100%-ын толық оқытып шығарды. Осы нәтижесінің арқасында университет AI-Sana бағдарламасына қатысқан Қазақстанның 104 жоғары оқу орнының ішінде ТОП-50 қатарына енді.

 

Бұл жетістіктер білімгерлеріміздің табандылығының, оқытушылар мен кураторлардың кәсібилігінің және университет ұжымының үйлесімді жұмысының нәтижесі.

 

Бағдарлама түлектерін шын жүректен құттықтаймыз! Жасанды интеллект саласында алған білімдері мен дағдылары олардың кәсіби дамуына, инновациялық жобаларды жүзеге асыруына және цифрлық экономика жағдайында табысты мансап құруына берік негіз болады.

 

Алда – жаңа мүмкіндіктер, жаңа білім және жаңа жетістіктер!