COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетіне «Елең-алаң» романының жаңа басылымы табысталды

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде ЦентрКредит Банкі өкілдерінің қатысуымен қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы – Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының қайта басылып шыққан даналарын университет кітапханасына табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков, ЦентрКредит Банкінің МФЦА филиалының директоры, Senior Executive Officer Боранбай Ақжол Аманжолұлы және ЦентрКредит Банкінің Тараз қалалық филиалының директоры Исмаилова Индира Жанысбековна қатысты.

 

 

Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романы – Әбілқайыр хан дәуіріндегі тарихи оқиғалар мен ел тағдырын айқындаған шешуші кезеңдерді арқау еткен қазақ әдебиетінің ең таңдаулы шығармаларының бірі. Тарих, көшбасшылық, жауапкершілік және ұлттық құндылықтар кеңінен көрініс тапқан бұл шығарма студенттердің тарихи танымын кеңейтіп, рухани дүниесін байытуға зор үлес қосады.

Айта кетейік, ЦентрКредит Банкінің қолдауымен роман 8 100 данамен қайта басылып шықты. Кітаптардың бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына табысталып, қалған даналары еліміздің жоғары оқу орындарына үлестірілуде.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті ұлттық әдеби мұраны насихаттауға және жастардың рухани дамуына бағытталған осы игі бастаманы жүзеге асырған ЦентрКредит Банкіне шынайы алғысын білдіреді. Бұл тарту студенттердің қазақ әдебиетінің асыл мұрасымен тереңірек танысуына және тарихи санасының қалыптасуына оң ықпал етеді деп сенеміз.