COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетінің өкілдері халықаралық көшбасшылық бағдарламасына қатысты

 

Шерхан университетінің делегациясы Алматы қаласында өткен *«Impactful Leadership for Rectors & University Executives»* халықаралық бағдарламасына қатысты. Бағдарлама жоғары оқу орындарының басшылары мен басқарушы құрамының кәсіби құзыреттерін дамытуға, стратегиялық көшбасшылықты нығайтуға және халықаралық тәжірибе алмасуға бағытталды.

 

 

Бағдарламаға университет атынан вице-президент *Қалиев Рүстем Киікбайұлы, академиялық жұмыстар жөніндегі проректор **Қадырова Ақмарал Сәтбекқызы, «Жаратылыстану» факультетінің деканы **Нұрғабылов Мұрат Нұридинұлы, «Экономика және бизнес» факультетінің деканы **Қуатбеков Жарас Албысбайұлы* және «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығының басшысы *Балаби Сырым Қайратұлы* қатысты.

 

 

Халықаралық интенсив барысында қатысушылар жоғары білім беру жүйесіндегі стратегиялық басқару, жасанды интеллект пен цифрлық трансформация жағдайында университеттердің даму бағыты, басқарудағы дағдарыстық шешімдер, сапаны қамтамасыз ету, халықаралық серіктестікті кеңейту және жоғары оқу орындарының қоғамға ықпалын арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар әлемнің жетекші сарапшылары мен университет басшыларымен пікір алмасып, басқарудың заманауи тәсілдері мен табысты тәжірибелерімен танысты.

 

 

Бағдарлама аясында қатысушылар нақты институционалдық кейстерді талдап, университеттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықаралық деңгейдегі академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған тиімді басқару тетіктерін зерделеді. Сондай-ақ көшбасшылық мәдениетін қалыптастыру, басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру және жаһандық өзгерістерге бейімделу мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

 

 

Шерхан университеті үшін мұндай халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу – басқару тәжірибесін жетілдіруге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Алынған тәжірибе университеттің стратегиялық даму басымдықтарын іске асыруға және заманауи жоғары білім беру талаптарына сай басқару жүйесін жетілдіруге өз үлесін қосады.