Шығармашылық мамандықтар факультетінің түлектеріне диплом табысталды

Бүгін Шерхан университетінде шығармашылық мамандықтар факультетінің түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Салтанатты шарада бітіруші түлектерге жоғары білім туралы дипломдар табысталып, олардың студенттік жылдардағы жетістіктері мен белсенді еңбектері ерекше атап өтілді.

Төрт жыл бойы білім мен тәжірибені ұштастырған жас мамандар шығармашылық жолдағы алғашқы маңызды белесті бағындырып, жаңа өмір кезеңіне қадам басты. Шара барысында университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы түлектерге ақ жол тілеп, болашақ кәсіби қызметтеріне сәттілік тіледі.

Диплом – тек білімнің емес, табандылықтың, еңбек пен ізденістің нәтижесі. Бүгінгі түлектер алдағы уақытта мәдениет пен өнер саласының дамуына өз үлестерін қосатын білікті маман ретінде үлкен үміт күттіреді.

29 Jun 2026
103