Қытайлық түлектерімізді құттықтаймыз!

Қытай Халық Республикасынан келген білім алушылар магистрлік оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, университетімізден магистр дәрежесін иеленді. Оқу барысында олар жоғары жауапкершілік пен табандылық танытып, өз мамандықтары бойынша терең білім мен тәжірибе жинақтады.

Бүгінгі жетістік – білімге деген ұмтылыс пен қажырлы еңбектің нәтижесі. Университет қабырғасында алған сапалы білімдері мен ғылыми ізденістері олардың алдағы кәсіби жолында берік негіз боларына сенімдіміз.
Оқу кезеңінде түлектер тек академиялық білім алып қана қоймай, Қазақстанның бай тарихымен, мәдениетімен және ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып, еліміздің рухани құндылықтарын жақыннан таныды. Бұл тәжірибе олардың дүниетанымын кеңейтіп, екі ел арасындағы достық пен мәдени байланысты нығайтуға өз үлесін қосты.

Құрметті түлектер! Сіздерді магистр дәрежесін иеленулеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолдарыңызда толағай табыс, кәсіби жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!

18 Jun 2026
126