COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Асыл» параволейбол командасы жаңа жеңістерге жол ашуда

 

Жамбыл облысының намысын абыроймен қорғап, спорт әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан «Асыл» отырып ойнау параволейбол командасы жаңа белестерді бағындыруда.

Өткен жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысында өткен республикалық деңгейдегі дүбірлі додада команда жоғары дайындық пен ерекше қайсарлық танытып, жүлделі І орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс спортшылардың табандылығы мен бірлігінің жарқын көрінісі болды.

 

 

Бүгінде «Асыл» командасы алдағы жарыстарға дайындық жұмыстарын қарқынды түрде қайта бастап кетті. Қазіргі таңда спортшылар өз шеберліктерін заманауи талаптарға сай жабдықталған Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің спорт кешенінде шыңдауда. Команданың басты мақсаты – болашақ жарыстарда облыс намысын ғана емес, еліміздің абыройын халықаралық аренада лайықты қорғау.

 

 

Команданың жетістіктері мен спортшылардың әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар әрдайым қолдау тауып келеді. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау және олардың спортпен еркін айналысуына жағдай жасау мәселелері тұрақты назарда. Мұндай жүйелі қолдау ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді араласып, спорт арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына зор ықпал етуде.

«Асыл» отырып ойнау параволейбол командасына алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!