COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университеті мен Қытайдағы Санжы университеті халықаралық ынтымақтастықты нығайтты

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетіне Қытай Халық Республикасындағы Санжы университетінің ресми делегациясы іссапармен келді.

 

 

Қытайлық делегация құрамында Санжы университетінің басшылығы мен жетекші ғалымдары болды.

 

 

Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылым, академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық бағыттары бойынша өзара әріптестікті дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу жобаларын дамыту, студенттер мен оқытушылар алмасуын кеңейту бағыттары қарастырылды.

 

 

Іссапар аясында екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты түрде қол қойылды. Аталған құжат екі университет арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды.

 

 

Санжы университетінің өкілдері университетімізде білім алып жатқан қытайлық магистранттармен және қазіргі таңда оқу орнында қызмет атқарып жүрген санжылық оқытушылармен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында магистранттар оқу үдерісі мен университеттің академиялық ортасы туралы өз пікірлерімен бөлісті.

 

 

Сонымен қатар, қонақтарға университеттің ғылыми-зерттеу орталықтары, оқу корпустары, студенттер үйі мен кампусы таныстырылып, инфрақұрылымы мен мүмкіндіктері көрсетілді.