COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Білімге бастар жарық жол»: талапкерлерге бағыт берген ашық есік күні өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Педагогика факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Шетел тілдері» кафедраларының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Білімге бастар жарық жол» тақырыбында ашық есік күні өтті.

 

 

Ашық есік күніне Тараз қаласындағы мектептердің бітіруші сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, университеттің білім беру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысты.

 

 

Кездесу барысында қатысушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісі, студенттерге жасалған жағдайлар мен материалдық-техникалық базасы туралы кеңінен ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, оқу орнының тыныс-тіршілігі мен жетістіктерін қамтитын арнайы таныстырылымдық бейнеролик көрсетілді.

 

 

Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқытушылармен еркін пікір алмасты. Осындай кездесулер талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беріп, мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.