COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Жастарға мүмкіндік алаңы: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

 

Бүгін Шерхан университетінде «Цифрлық HR: Болашақ бүгіннен басталады» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

 

 

Ауқымды іс-шараға өңірдің 60-тан астам білім беру ұйымдары мен жетекші мекемелері, кәсіпорындары қатысып, жастарға педагогика, ауыл шаруашылығы, IT, бизнес, құқық, қаржы және өндіріс салалары бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

 

 

Жәрмеңке барысында 4 курс бітіруші түлектер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өз түйіндемелерін ұсынып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды. Бұл жас мамандар үшін еңбек нарығына алғашқы қадам жасауға жол ашқан маңызды алаң болды.

 

 

Іс-шараның ресми ашылуына университет ректоры, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков қатысып, жастарды кәсіби дамуға ұмтылып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

 

 

Жәрмеңке аясында спикерлердің баяндамалары, түлектердің презентациялары, жұмыс берушілермен ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, белсенді серіктестер марапатталды.

 

 

Аталған шара жастарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетіп, университет пен жұмыс берушілер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтқан маңызды кездесу болды.