COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Бір мамандық – бір мақсат»: Таразда жас орманшылардың республикалық форумы өтті

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Биология және ауылшаруашылық мамандықтар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір мамандық – бір мақсат» тақырыбында Республикалық жас орманшылар форумы өтті.

Форумға еліміздің беделді орманшы ғалымдары спикер ретінде қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас ғалымдарға бағыт-бағдар берді.

 

 

Ауқымды іс-шараға 6В083 – «Орман шаруашылығы» дайындық бағыты бойынша С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Жәңір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті және Шәкәрім университеті студенттері қатысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырды.

 

 

Қатысушылар еліміздің орман шаруашылығын дамытуға бағытталған тың идеялары мен заманауи көзқарастарын ұсынып, кәсіби пікір алмасу алаңын қалыптастырды.