Шерхан университетінің студенті Халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің 1-курс студенті Сауытбек Айдамир Budva қаласында өткен дәстүрлі Адриатика жауһары халықаралық турнирі жарысында жоғары нәтиже көрсетті.
90 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз тартысты белдесулерде шеберлігі мен табандылығын дәлелдеп, күміс жүлдені иеленді. Халықаралық деңгейдегі бұл додада ол лайықты өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

Сауытбек Айдамирді жарқын жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!

21 Mar 2026
113