COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Ұлттық киім – ұлт айнасы

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Наурызнама аясында «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты сән және өнер кеші өтті. Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналды.

 

 

Кеш барысында қазақ халқының бай мұрасы мен заманауи сән үрдістерін ұштастырған әсем киім топтамалары көрермен назарына ұсынылды. Атап айтқанда, «Жасмин», «Томирис», «Denim Nomad», «Шежіре» және «Айша» коллекциялары сахна төрінде таныстырылып, ұлттық нақыш пен қазіргі сәннің үйлесімін көрсетті.

 

 

Бұл іс-шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, жастардың ұлттық киімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, ол халқымыздың тарихы мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі.

Осындай тағылымы мол кеш арқылы университет студенттері мен қонақтары ұлттық дәстүрдің сұлулығын тағы бір мәрте сезініп, мерекелік көңіл күйге бөленді.