COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

"Талант" халықтық театры «Айша бибі» драмасын сахналады

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Талант» халықтық театры қазақ халқының рухани мұрасын дәріптейтін тағылымды қойылым – «Айша бибі» драмасын сахналады. Қойылым көрермендерге мәңгілік махаббаттың символына айналған Айша бибі мен Қараханның тағдырлы тарихын әсерлі түрде жеткізді.

 

 

Сахналық туындыда ұлттық құндылықтар, адалдық пен сезім тазалығы, шынайы махаббат тақырыбы терең көрініс тапты. Театр ұжымы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін шебер ашып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Қойылым барысында актерлердің кәсіби шеберлігі мен сахналық мәдениеті жоғары деңгейде байқалып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

 

 

Іс-шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері қатысып, тарихи тұлғалар тағдырынан сыр шертетін тағылымды қойылымды тамашалады.

 

 

Бұл қойылым жастардың ұлттық тарих пен мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған маңызды мәдени шаралардың бірі болды.