COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Сарысу ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстары өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Жаңатас қаласының мектеп бітіруші түлектері мен оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастар университеттің білім беру мүмкіндіктері мен ғылыми-практикалық базасымен танысты.

 

 

Университет студенттері оқушыларға арналған концерттік бағдарлама ұсынып, шығармашылық әлеуеттерін көрсетті. Бұл шара жастарға студенттік өмірдің белсенді әрі мазмұнды екенін сезінуге мүмкіндік берді.

 

 

Сонымен қатар, қатысушыларға өз қабілеттеріне сену, нақты мақсат қою және үздіксіз білім алудың маңыздылығы айтылды. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті маман болу тек дипломмен ғана емес, білімге деген құштарлық пен табандылық арқылы қалыптасатыны айтылды.

 

 

Осындай кездесулер арқылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті болашақ талапкерлерге саналы таңдау жасауға бағыт-бағдар береді.