Біздің студенттеріміз Португалияны бағындырып, тарихты қайта жазды!

Лиссабонда өткен Джиу-джитсудан беделді Еуропа ашық чемпионатында Шерхан университетінің қос студенті топ жарды!

Қоңыр белбеу иелері арасында:
Теңізбай Батыр – алтын медаль, ЧЕМПИОН!
Қуатұлы Алинұр – күміс медаль!

Бұл Қазақстан тарихында алғаш рет!
Джиу-джитсу – әлемдегі ең тез дамушы және бәсекелес спорт түрлерінің бірі. Еуропа төріндегі бұл жеңістер қазақстандық күрес мектебінің әлемдік брендке айналғанын көрсетеді!
7 000-нан аса әлемнің үздік палуандары жиналған жарыста жеңімпаз атанған батырларымызды құттықтаймыз!
Айта кетейік, Батыр мен Алинұр Шерхан университетінде бір топта (ДШ-24-17) білім алады.

29 Jan 2026
127