Шерхан университетінің студенті – «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпазы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен тағайындалған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының 2025 жылғы «Волонтерлік» бағыты бойынша грантты Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің белсенді студенті, ҚТ-22-1 тобының білім алушысы, «Sherkhan volunteers» волонтерлік клубының жетекшісі – Сайлаухан Гаухар жеңіп алды.
Айта кетейік, грант берудің негізгі мақсаты – белсенді, шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау. Осы мақсат аясында студентіміздің волонтерлік қызметі, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы бастамашылдығы мен қоғамға қосқан үлесі жоғары бағаланды.
Бұл жетістік – университетіміз жастарының әлеуеті мен белсенділігінің жарқын көрінісі. Жеңімпазды шын жүректен құттықтап, алдағы оқуына және қоғамдық қызметіне мол табыс тілейміз!

23 Jan 2026
123