COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері» тақырыбында өңірлік кеңес өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің, Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және университеттің бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

 

 

Өңірлік кеңес барысында балық шаруашылығы саласының қазіргі жағдайы, оны дамытудың өзекті бағыттары, аквакультураны дамыту, су айдындарын тиімді пайдалану және салаға білікті мамандар даярлау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту, тәжірибеге негізделген жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

 

 

Кеңес қорытындысында балық шаруашылығын дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта осындай мазмұндағы кездесулерді жалғастыру қажеттілігі атап өтілді.