COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Анкаралық түркітанушы Ерол Варын ХТУ-ге келді

 

Бүгін университетімізге Анкара Гази университетінің әйгілі түркітанушысы, филологы, PhD доктор Ерол Варын жұмыс сапарымен келіп, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысты.

 

 

Сапар барысында доктор оқытушылармен және студенттермен кездесу өткізіп, екі ел арасындағы ғылыми байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы кең көлемді ақпарат ұсынды.

 

 

Доктор Ерол Варын түркі халықтарына арналған түрік тілін меңгеру әдістемелерін таныстырып, студенттерге тіл үйретудің заманауи тәсілдері бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. Кездесу студенттер үшін мазмұнды әрі тың ақпаратқа толы болды.