COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университеті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамытуда

 

Шерхан университеті мен Жамбыл облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған бірлескен жобаны жүзеге асырып келеді. Бұл бастама екі жақ арасында 2024 жылы жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында жүзеге асуда.

Жоба аясында «Бір ауыл – бір өнім» атты оқыту және жобалық сүйемелдеу бағдарламасы іске қосылды. Аталған жоба ауыл кәсіпкерлеріне, әсіресе әйелдер мен жас кәсіпкерлерге бағытталған. Олар бизнес-жоспар құру, қаржылық сауаттылық, өнімді жарнамалау мен нарыққа шығару бойынша біздің университет тарапынан білім алуға мүмкіндік алады.

Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі кіші салалық кеңесінің отырысында аталған жобаның нақты іс-шаралар жоспары таныстырылып, тараптар арасында өзара тиімді серіктестіктің жаңа тетіктері талқыланды.

Аталған бастама аясында жеңімпаз атанған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берілетін гранттық қаржыландыру конкурсына тікелей жолдама алып, бес миллионға дейінгі қайтарымсыз ақша алу мүмкіндігіне ие болады.

Аталған жобаларға Шерхан университетінің ғалымдары да тікелей атсалысып, өңіріміздің кәсіпкерлік әлеуетін көтеруге өз үлестерін қосуда.