COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Цифрлық алаяқтықтың қалай алдын аламыз? Жаңа заман қауіптеріне дайынбыз ба?

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында  «Цифрлық гигиена, дипфейктер және қаржылық қауіпсіздіктің аспектілері» тақырыбында ақпараттық дәріс өтті. Шараға Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің мамандары, криминалистикалық бөлім өкілдері, кибер қауіпсіздік мамандары және студенттер қатысты.

 

 

Алғашқы сөз университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбековке беріліп, ол жасанды интеллекттің қарқынды дамуы мен мемлекет тарапынан іске асырылып жатқан цифрландыру бастамалары туралы айтты. Ректор жастардың цифрлық мәдениеті жоғары болуы – уақыт талабы екенін атап өтті.

«Жасанды интеллект – үлкен мүмкіндік, бірақ оны басқаратын да, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін де – адам. Сондықтан жеке цифрлық қауіпсіздікті сақтау әр азаматтың міндеті», – деді ректор.

 

 

Семинар барысында мамандар қауіпті интернет-контент, жалған ақпараттар, әсіресе дипфейктердің таралуы және олардың алаяқтық мақсатта қолданылу қаупін нақты мысалдармен түсіндірді. Статистика бойынша дипфейкпен жасалатын қылмыстар 2019 жылдан бері 550% өскені айтылды.

 

 

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалистикалық бөлім басшысы Мақсат Құралбекұлы Байдалиев жиі кездесетін алаяқтық схемаларын, әлеуметтік желідегі фейк аккаунттардың алдау тәсілдерін және киберқылмыскерлердің жаңа әдістерін көрсетті. Сондай-ақ, интернеттегі күмәнді ақпаратқа сенбеу, банк картасын қорғау, құпия сөздерді құпия сақтау, бейтаныс сілтемелерден аулақ болу сияқты негізгі қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.

Департамент өкілдері студенттерге банк карталары арқылы жасалатын дроперлік схемалардың қалай жұмыс істейтінін және оған қатысудың заңдық жауапкершілігін түсіндірді.