U-League: ITU футзалшылары – үздік үштікке енді

Астана қаласында өткен U-LEAGUE университетаралық футзал чемпионатында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің құрама командасы III орын алды.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, еліміздің ең мықты студенттік командалары қатысқан додада біздің спортшылар өз шеберлігін, жылдамдығын және командалық үйлесімділігін айқын көрсетті. Бұл жетістік – оқу орнымыздағы спорттың қарқынды дамуының және студенттеріміздің еңбегінің жемісі.

Жеке номинациялар бойынша үздіктер: Үздік мерген – Өмей Әдлет Азаматұлы 15 гол соғып, турнирдің ең нәтижелі ойыншысы атанды.
Үздік бапкер– Ескермес Дастан. Команданың сенімді тірегіне айналып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.
Командамызға шын жүректен алғыс айтамыз!

20 Nov 2025
252