COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университет аумағында 100 түп ағаш отырғызылды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің аумағында жаңа «Жасыл саяжол» жобасы бастау алды. Іс-шараға университет басшылығы, Home Credit Bank және «Ауыл» партиясының өкілдері, сондай-ақ студенттер мен ерікті жастар қатысты.

 

 

Акция Home Credit Bank-тың 20 жылдық мерейтойына және Студенттер күніне орай ұйымдастырылды. Отырғызылған 100 түп ағаш — тұя мен арша көшеттерінен тұрады. Бұл бастама университет кампусын көркейтіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға өз үлесін қоспақ.

 

 

Банк өкілдері бұл бастаманың студенттер мен қала жастары үшін табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

 

 

Айта кетейік, бұл игі іс-шара еліміздің 13 қаласында өткізіліп келеді. Атап айтқанда: Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Ақтау, Жезқазған және Тараз қалаларында жүзеге асқан.

 

 

Бұл бастама — еліміздегі экологиялық мәдениетті арттырып, өмір сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.