COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Қауіпсіз отбасы – бақытты болашақ: жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған дәрістер топтамасы өтті

 

Жамбыл облысында жас отбасылар мен жастар арасында жауапкершілік пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз отбасы – бақытты болашақ» атты дәрістер топтамасы өтті. Іс-шара «Отбасы құндылықтары: берік неке – жарқын болашақ» мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылды.

Дәріс Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Студенттер үйінде ұйымдастырылып, оған жоғары оқу орындарының студенттері, жас отбасылар, жастар ұйымдарының өкілдері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

 

Отбасы – қоғамның тірегі

Кездесу ұйымдастырушылардың құттықтау сөзімен басталып, алғашқы бөлім «Отбасы – қоғамның тірегі» тақырыбына арналды. Бұл сессияда қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен отбасылық тәрбиенің маңыздылығын, ата-аналық жауапкершілік пен махаббаттың қоғамдағы тұрақтылыққа әсерін талқылады.

Жас отбасындағы сенім мен жауапкершілік

Келесі бөлімде «Жас отбасындағы жауапкершілік пен сенім» тақырыбы қозғалды.

Мұнда қатысушыларға отбасындағы қарым-қатынасты дұрыс құру, психологиялық үйлесімділік пен өзара сыйластықты сақтау жолдары туралы тәжірибелік кеңестер берілді. Психолог мамандар жастарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ашық диалог пен түсіністік арқылы жанұядағы тұрақтылықты нығайту тәсілдерін түсіндірді.

Жастардың денсаулығы – қоғамның болашағы

Дәрістің үшінші бөлімі «Жастардың репродуктивті денсаулығы және жауапты мінез-құлық» тақырыбына арналды.

«Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығының жетекшісі, жоғары дәрежелі психолог Гүлзира Қалдыбаева жастарға денсаулық мәдениеті, ерте жүктіліктің алдын алу және өз денесіне құрметпен қарау қажеттігі туралы айтты.

Медициналық мамандар жастар арасында зиянды әдеттердің салдарын түсіндіріп, өмірлік маңызды кеңестермен бөлісті.

 

 

Спикерлер мен ұйымдастырушылар пікірі

Тараз қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ психолог маманы Арайлым Қадыр жастардың белсенділігін ерекше атап өтті:

«Бүгінгі жастар отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсінеді. Осындай ашық форматтағы кездесулер олардың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді», – деді ол.

Өз кезегінде Гүлзира Қалдыбаева жастардың психологиялық сауаттылығының артып келе жатқанын айтты:

«Жастар өз сезімдері мен әрекеттерін дұрыс бағалай білуге, көмек сұрауға ұялмауға үйреніп келеді. Бұл – қоғам үшін үлкен жетістік», – деді ол.

Жобаны жүзеге асырушы:

«Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі

Серіктестер:

– Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті

– Тараз қалалық «Отбасын қолдау орталығы» КММ

– «Жан-Нұр» жастар денсаулық орталығы