COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Қазақстан Республикасы Күніне орай жоғары деңгейдегі мерекелік іс-шара өтті.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұжымы мен студенттері Қазақстан Республикасының ең ұлық мерекесі – Республика Күнін ерекше салтанатпен атап өтті. Университеттің Бас ғимаратында өткен "Отаным – бақыт мекені" атты салтанатты жиын егемендік пен патриотизм рухында өтті.

 

 

Іс-шара барысында университеттің талантты студенттері мен өнерлі оқытушылары еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасу тарихының маңызды кезеңдерін көрсететін терең мағыналы театрландырылған көріністер ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстанның жетістіктері мен болашағын дәріптейтін, патриоттық сезімді оятатын шығармашылық нөмірлер жиналған қауымның көңілінен шықты.

 

 

Салтанатты жиынның құрметті қонағы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, сондай-ақ университетіміздің құрылтайшысы Ерболат Саурықов болды. Ерболат Саурықов мырза жиынға қатысушыларды ұлы мерекемен құттықтап, ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар университеттің қызметкерлерін марапаттап, оларға алғысын білдірді.

 

 

Мерекелік іс-шара аясында университеттің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен жастардың жетістіктері ерекше аталып өтті. Университет ректоры, профессор Махметғали Сарыбеков өз сөзінде жастарды Отансүйгіштікке шақырып, республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, университеттің атын асқақтатқан белсенді студенттерді марапаттады.

 

 

Жиын соңында қатысушылар еліміздің гүлденуі мен болашағы жолында аянбай еңбек етуге деген ниеттерін білдірді. Республика күні – біздің бостандығымыздың, бірлігіміздің және болашаққа деген сеніміміздің басты кепілі!