Қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Сандық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің спикерлері — «Freedom Bank» Алаяқтықтың алдын алу департаментінің бас талдаушысы Әлкен Алишер Қайратұлы және «Freedom Bank» Тараз қалалық бөлімшесінің бастығы Аймаханбетова Баян — студенттерге интернет алаяқтықтың түрлері, қаржылық қауіпсіздікті сақтау жолдары, банк карталары мен жеке деректерді қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпараттармен бөлісті.

Іс-шара ашық сұрақ-жауап форматында өтті. Студенттер мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Цифрлы дәуірде қаржылық сауаттылық пен дербес мәліметтердің қауіпсіздігін сақтау – әр азаматтың жеке жауапкершілігі.


22 Oct 2025
680