COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Заң факультетінде ашық есік күні өтті

 

«Бүгінгі мектеп түлегі – ертеңгі елдің тірегі» атты тақырыпта Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Заң факультеті “Ашық есік күнін” ұйымдастырды.

 

 

 

Іс-шараға:

Жамбыл көлік прокуратурасының прокуроры – Токтаева Ульфат Алиакпаровна

Тараз қалалық Мансап орталығының директор орынбасары – Кембаев Ерғали Асамбаевич

Полиция департаментінің Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық-штаттық жұмыс тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция аға лейтенанты – Туркеев Әділет Бақытжанұлы

Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының инспекторы – Мейірбек Ақерке Серікбекқызы

Тараз қаласы полиция басқармасының Жедел криминалистика бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі – Қонысбаев Мадияр Танатович қатысты.

 

 

 

Сонымен қатар шараға Тараз қаласындағы №13, №25, №27, №35 және Ozat Education High School мектептерінің оқушылары шақырылды.

Қатысушылар криминалистика аудиториясымен танысып, қылмысты анықтау барысындағы кинологтардың көрінісін тамашалады.

 

 

 

Осындай мазмұнды кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауға зор мүмкіндік береді.