COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Sherkhan Fest – 2025» Өнер мен Таланттың Мерекесі Аяқталды!

 

Жас таланттарды біріктірген, өнер мен білімнің шынайы мерекесіне айналған «Sherkhan Fest – 2025» университетішілік байқауы өз мәресіне жетті. Байқау барысында 10 түрлі номинация бойынша студенттеріміздің шығармашылық әлеуеті мен ерекше қабілеттері жоғары деңгейде көрініс тапты.

Биылғы фестивальде студенттер: Ән айту, Хореография, Көркемсөз оқу, Адырна өнер, Сахналық көрініс, Аспапта ойнау, Жүргізуші-конференсье, Жадарманшылар қойылымы, Сән театры және Мобилография бағыттары бойынша бақ сынасты.

 

 

Байқау барысында Шерхан университетінің студенттері вокал, би, театр, сән, көркем сөз оқу және басқа да жанрларда өнер көрсетіп, университет жастарының шексіз мүмкіндіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сахнадағы әрбір қойылым көрермендерді тәнті етіп, өнерге деген құштарлықтарын арттырды.

Педагогика факультеті – «Үздік Факультет»
Қызу бәсеке мен тартысты өнер кештерінің қорытындысы бойынша, биылғы фестивальдің бас жүлдесіне ие болып, «Үздік факультет» атағын Педагогика факультеті жеңіп алды!

 

 

Бұл жеңіс – факультет студенттерінің бірлігі мен талантының, фестивальге деген ерекше дайындығының, сондай-ақ ұйымшылдығы мен ізденісінің айқын нәтижесі. Жүлделі орындарға ие болған барлық студенттер мен факультеттерді университетіміздің ректораты мен профессорлық-оқытушылар құрамы шын жүректен құттықтайды!

 


«Sherkhan Fest – 2025» Жеңімпаздар Тізімі

Номинация Жеңімпаздардың Аты-жөні


1. Ән айту - Өмірбай Нұрлан, Рахим Нұрлан, Нұғыс Елнұр


2. Жүргізуші (конферансье) - Амангелді Жансұлтан, Нұрдобай Иманжан, Тілепбай Даяна


3. Би - Нұрсұлтан Ержан (би), Ретро (топ)


4. Көркемсөз оқу - Абу Мәлика, Сейдімолова Раяна


5. Театр - Зәулім (топ)


6. Жайдарманшылар (КВН) - Примера Триггер (топ), Zero to one (топ)


7. Сән театры - Мегатор (топ)


8. Жырау (Дәстүрлі өнер) - Бос уақыт Жоқ (топ), Сорокин 

 

 

«Sherkhan Fest – 2025» Жеңімпаздар Құттықтаймыз! 
Жас таланттарды біріктірген, өнер мен білімнің шынайы мерекесіне айналған «Sherkhan Fest – 2025» университетішілік байқауы өз мәресіне жетті. Байқау барысында 10 түрлі номинация бойынша студенттеріміздің шығармашылық әлеуеті мен ерекше қабілеттері жоғары деңгейде көрініс тапты.

Биылғы фестивальде студенттер: Ән айту, Хореография, Көркемсөз оқу, Адырна өнер, Сахналық көрініс, Аспапта ойнау, Жүргізуші-конференсье, Жадарманшылар қойылымы, Сән театры және Мобилография бағыттары бойынша бақ сынасты.

 

 

«Үздік Факультет» – Педагогика!
Қызу бәсеке мен тартысты өнер кештерінің қорытындысы бойынша, байқаудың бас жүлдесі – «Үздік факультет» атағын Педагогика факультеті жеңіп алды! Бұл жеңіс – факультет студенттерінің бірлігі мен талантының, ұйымшылдығы мен ізденісінің айқын нәтижесі.

Шерхан университеті барлық жеңімпаздарды және фестивальге белсене қатысқан әрбір студентті құттықтайды! Sherkhan Fest – 2025 – жаңа белестерге жетелейтін үлкен мүмкіндіктер алаңы!

«Sherkhan Fest – 2025» – бұл тек байқау ғана емес, ол жаңа белестерге жетелейтін үлкен мүмкіндіктер алаңы!