Ұлы Қаламгерге Құрмет

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ұжымы ұлт руханиятының шамшырағы, көрнекті жазушы Шерхан Мұртазаның туған күніне орай гүл қою рәсіміне қатысты.

Ұлы тұлғаға тағзым етуге Шерағаңның көзін көрген елімізге танымал журналист, ақын-жазушылар арнайы келіп, қаламгердің қазақ әдебиеті мен қоғамына қосқан өлшеусіз еңбегін еске алды. Шерағаңның есімі қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады.

Айтулы күн аясында Ерман Әбдиевтің «Шерхан – шерден қалған сөз» атты жаңа кітабы жарыққа шығып, көпшілікке таныстырылды. Бұл – Шерағаңның өнегелі өмірін дәріптеудің жарқын үлгісі!
Университетіміз үшін бұл зор мәртебе әрі оның асыл мұрасын келер ұрпаққа жеткізудің абыройлы міндеті!

30 Sep 2025
337