COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов магистратура дипломын алды

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков 2023 жылғы Ташкентте өткен Әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионы, Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017) Асланбек Шымбергеновті қабылдады.

 

 

Кездесу барысында Асланбекке «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратура дипломы салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, ректор оған Алғыс хат пен «Шерхан мақтанышы» статуэткасын сыйға тартты.

 

 

Айта кетейік, бұған дейін даңқты спортшы осы университетте «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған болатын.

Кездесу барысында Асланбек Шымбергенов алдағы жоспарларын айтып, жаңа белестерді бағындыруға дайын екенін жеткізді. Өз кезегінде ректор оған үлкен жетістіктер мен жарқын жеңістер тіледі.