COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Байзақ ауданындағы шаруаларға арналған көкөніс шаруашылығы бойынша семинар өтті

Байзақ ауданындағы шаруаларға арналған көкөніс шаруашылығы бойынша семинар өтті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығында "Көкөніс дақылдары (ашық және жабық жерлерде), картоп, қант қызылшасы" бағытында "Жамбыл облысындағы көкөніс шаруашылығындағы инновациялар мен технологиялар" атты семинар ұйымдастырылды.

 

 

Аталған семинар ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологияларды таныстырып, өңірдегі көкөніс өсірудің тиімді жолдарын үйретуге бағытталды. Іс-шараға Байзақ ауданындағы 25-ке жуық шаруа қожалығы қатысты. Олардың қатарында "Түймекент-2030", "Қаржау-Ата", "Ынтымақ-2004" және тағы басқа белсенді қожалықтар бар.

 

 

Семинар барысында ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Алмат Алтынсариев қатысушыларға дәріс оқып, көкөніс дақылдарын өсірудің заманауи тәсілдері мен агротехникалық жаңалықтар туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар, қатысушылар университеттің Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының мүмкіндіктерімен танысып, ғылыми зертханалар мен сынақ алаңдарын аралады.

 

 

Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

 

 

Бұл шара шаруа қожалықтары мен ғылыми орта арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, аймақтағы агросаланы дамытуға серпін береді деген сенімдеміз.