COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Шерхан университеті XIII Жазғы Универсиадада үздік ондыққа енді!

Шерхан университеті XIII Жазғы Универсиадада үздік ондыққа енді!

10 мамыр мен 13 маусым аралығында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде еліміздегі ең ірі студенттік спорттық дода – XIII Жазғы Универсиада өтті. Ауқымды шараға Қазақстанның 79 жоғары оқу орнынан 4000-нан астам студент қатысып, 20-дан астам спорт түрі бойынша бақ сынады.
Универсиада қорытындысы бойынша Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті жарқын жетістікке қол жеткізіп, жалпы командалық есепте үздік ондыққа енді. Жоғары оқу орны 6 алтын, 7 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, университет тарихындағы бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ:

 

 

Алтын медаль иегерлері:
• Оңғаров Нұрзат Нұрғалиұлы (бокс)
• Боранбек Бексұлтан Рахатұлы (бокс)
• Марлен Гүлдана Мадиярқызы (қазақша күрес)
• Өтеулі Сезім Әлібекқызы (қазақша күрес және дзюдо)
• Сапарғалиев Асқар Сәкенұлы (каратэ-до)
• Дербес Меруерт (таеквандо)

 

Күміс медаль иегерлері:

• Шарап Айбек Сәрсенұлы (каратэ-до)
• Кенжебеков Бағлан Ерланұлы (бокс)
• Көшербай Асылхан Қадирханұлы (бокс)
• Әлиасқар Сымбат Бақбергенқызы (бокс)
• Болат Назерке Рауанқызы (бокс)
• Дружинина Юлия Артемовна (жүзу)
• Футбол командасы құрамында:
• Өмей Әділет Азаматұлы
• Асанбек Тоқтар Манарбекұлы
• Нұрсұлтанұлы Диас
• Жамбыл Мерей Тәттібекұлы
• Жұмат Мүслім Азаматұлы
• Нышанов Аман Ғабитұлы
• Сейтов Давранбек Ахматжанович
• Әбіш Мади Мақсатұлы
• Кәкен Мейірхан Ғалымжанұлы
• Әбділхай Бейбарыс Төлегенұлы
• Күмісбек Жасұлан Қанатұлы
• Кувантканов Тәуіржан Бауыржанұлы

 

Қола медаль иегерлері:

• Сайдахраров Икромжан Шерзотович (бокс)
• Цой Анжелика Ильшатовна (бокс)
• Абдулла Олжас Нұржігітұлы (бокс)
• Данайбек Аружан Жанарбекқызы (қазақша күрес)
• Тоқтахан Мадияр Қанатұлы (еркін күрес)
• Темірбай Нұрдаулет Алмасұлы (таеквандо)
• Дәулет Данияр (таеквандо)
• Өтеулі Сезім Әлібекқызы (дзюдо) – қосымша қола

 


Универсиаданың жабылу салтанатында FISU туы келесі — XIV Жазғы Универсиада иесі Қазақ спорт және туризм академиясына табысталды.
Біз барша жеңімпаздарды және жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңістер – олардың қажырлы еңбегінің, төзімділігінің, ерік-жігерінің жарқын нәтижесі.

 

 

Бұл табыстар – университеттің спорт саласындағы жүйелі дайындығы мен жан-жақты қолдауының айқын көрсеткіші. Жас спортшыларымыздың жігері мен жаттықтырушылардың кәсіби еңбегі оқу орнымыздың абыройын асқақтатты.

 

 

Универсиаданың салтанатты жабылу рәсімі барысында Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) туы келесі XIV Жазғы Универсиаданы өткізетін Қазақ спорт және туризм академиясына ресми түрде табысталды.
Шерхан университеті алдағы уақытта да студенттерді спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыра береді. Бұл жетістіктер – жастарымыздың жеңіске деген сенімі мен бірлігінің жемісі!