COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / БАҚ қызметкерлеріне арналған тастаяқ турнирі өтті

БАҚ қызметкерлеріне арналған тастаяқ турнирі өтті

 

Халықаралық Тараз университеті мен “Шерхантану” ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен қазақ руханиятының шамшырағы Шерхан Мұртаза атындағы дәстүрлі “Зау тұлға Шерхан Мұртаза” тастаяқ турнирі өтті.

 

 

Мерекелік шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, тартысты әрі достық сипаттағы бәсекеде бақ сынады.

 

 

Ардагерлер арасындағы тартысты дода нәтижесінде 1-орынды Бекет Момынқұл иеленсе, 2-орын Асқарбек Сейілханға бұйырды. Ал 3-орынды Ғалым Қасабай жеңіп алды. Сонымен қатар, арнайы номинация бойынша Елен Әлімжан марапатталып, 50 000 теңгелік жүлдені еншіледі.

 

 

Жастар арасындағы бәсекеде Ерғали Қартайған топ жарып, 1-орын мен 100 000 теңге жүлдені жеңіп алды. 2-орынды Ермұхаммед Мәулен (80 000 тг), ал 3-орынды Табиғат Абаилдаев (50 000 тг) иеленді. 4-орынға ие болған Бекнұр Сатыбалдиевке 30 000 теңге берілсе, 5-орынды бөліскен Ғани Сүгірәлиев пен Элдар Байділдаға 15 000 теңгеден табысталды.

 

 

Бұл турнир – тек спорттық дода емес, рух пен руханияттың, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды. Шер ағаның рухына тағзым етіп, турнирде белсенділік танытқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Халықаралық Тараз университеті алдағы уақытта да БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастырмақ.