COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Жұмыс берушілермен серіктестікте білім беру бағдарламаларын іске асыру: тәжірибе және перспективалар

Жұмыс берушілермен серіктестікте білім беру бағдарламаларын іске асыру: тәжірибе және перспективалар

 

12.06.2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті, «Педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасы ұйымдастыруымен "Жұмыс берушілермен серіктестікте білім беру бағдарламаларын іске асыру: тәжірибе және перспективалар" атты семинар өткізілді.

 

 

Мақсаты: Жұмыс берушілермен серіктестік орнату арқылы білім беру бағдарламаларының мазмұнын еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіріп жетілдіру, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім мен өндірістің интеграциясын қамтамасыз ету.

 

 

Іс шара барысында университет ректоры Сарыбеков М.Н. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Р.Райф арасындағы ынтымақтастықты нығайтуы бойынша меморандумға қол қойылды.

 

 

Семинарға 6В01101-«Педагогика және психология» , 6В01201-« Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» БББ бойынша талқылау және ұсыныстарын еңгізу мақсатында Академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры А.Кадырова, «Академиялық саясат» басқармасының басшысы Д.Акимова, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ директорының орынбасары М.Ермекбаева, педагог-психологы К.Дарибаева, Тараз Инновациялық көпсалалы колледжінің оқу бөлім меңгерушісі Э.Рахаева, әдіскері А.Жунисов, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жогары колледжі директордың ғылыми-әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары Б. Абжапарова, оқу-ісі жөніндегі орынбасары М. Нуралиева, «Бастауыш білім беру» бөлімінің меңгерушісі А.Джумадилова, Тараз қ.№23 орта мектебінің психологы Д.Жумадилова, Керімбай атындағы №12 мектеп-гиназиясының бастауыш сынып мұғалімі Н. Сыпатаева, «Асыл Мирас» аутизм орталығының психологы А.Кутербаева , №28 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Ж. Абдраимова, №9 бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Ж.Оспанова бөбекжай балабақшасының меңгерушісі қатысып, талқылау жүргізілді. Аталған семинарда келесі міндеттер қарастырылды:


-Жұмыс берушілермен серіктестіктің қазіргі жағдайын және қолданылып жатқан тәжірибелерді талдау.
-Серіктестік негізінде жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалау.
-Жұмыс берушілердің білім беру үдерісіне қатысу формаларын (тәжірибе, дуалды оқыту, бірлескен пәндер, т.б.) жүйелеу.
-Серіктестік арқылы білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдарын анықтау.
-Білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың перспективалық бағыттарын ұсыну.
-Жұмыс берушілермен тиімді серіктестік орнатудағы кедергілер мен оларды жою жолдарын айқындау.