COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Home / MEDIA / News / Театр – тәрбие мектебі: «Шер-Хан» қойылымын тамашалаған рухани кеш

Театр – тәрбие мектебі: «Шер-Хан» қойылымын тамашалаған рухани кеш

 

Жастардың рухани дамуы мен эстетикалық тәрбиесіне ерекше мән беретін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті оқытушылары мен студенттері А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының сахнасында қойылған «Шер-Хан» драма-элегиясын тамашалады.

 

 

Бұл — халық жазушысы, ұлттық руханияттың шамшырағы, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына арналған әсерлі қойылым. «Шер-Хан» — жазушының азаматтық келбетін, рухани биігін, ел алдындағы еңбегін көркем тілмен бейнелейтін шымыр дүние.

 

 

Университет атауының өзі Шерхан есімімен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан мұндай туындыны көру — білім алушылар мен ұстаздар үшін ерекше мәнге ие. Бұл кеш — тек театрға бару ғана емес, ұлт ұстазының өнегесін, қайсар мінезі мен әділ болмысын жастардың жүрегіне ұялатып, ұрпақ санасына сіңіру жолындағы игі қадам.

 

 

Қойылым соңында университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы Махметғали Сарыбеков сөз алып, театр ұжымына алғысын білдірді. Ол актерлерге шығармашылық табыс тілеп, ұжымға ықылас гүлі мен жүрекжарды лебізін тарту етті.

– Театр мен білім ордасының рухани үндестігі — жастардың талғамын өсіріп, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырады. Біз білім ғана емес, тәрбие де береміз. Бұл қойылым — тәрбие сағатына айналған кеш болды, – деді ректор.

 

 

Осындай мазмұнды іс-шаралар — жастардың мәдени дүниетанымын кеңейтіп, елдік рухты, ұлтқа деген сүйіспеншілікті тереңдете түсетін рухани көпір. Университет пен театр арасындағы байланыс алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.